Атырау, 21 желтоқсан 10:27
 ашықВ Атырау 0
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Жасыл ауладан «Семирамида бақшаларына» дейін

2 750 просмотра

«Теңізшевройл» ЖШС-нің қаржылай демеушілігімен Алшы қорының көгалдандыру бойынша ұйымдастырған жобасы шеңберінде «Атыраудағы ең жасыл-желекті аула» номинациясымен шағын байқау өткізілді.

Байқау нәтижесі бойынша«Дойтег»компаниясының кран операторы Семиончев Анатолий Алекcейұлы жеңімпаз атанды. Ол Атырау қаласы, Ұзынарал көшесі, 41 үйдің тұрғыны.

Бүгінде жасыл-желекке оранған жекежай ауласындағы бақшаны ол 1992 жылдан бастап ата-анасымен бірге өсіре бастаған. Бұл бақшада қайың, жұпаргүл, қызылтал ағаштары, сондай-ақ алмұрт, шие,  алма, өрік, жүзім (жабайы және мәдени сұрыптары), әртүрлі  алхоры сұрыптары, ұсақ алхоры, гүлдер мен көкөністер өседі.

Тіпті қылқан тұқымдас ағаштар да отырғызылған.  Бір айта кетерлігі, туя алдымен үй жағдайында бөлме өсімдіктерімен бірге тұқымнан өсіріліп, кейін 2 жылдан соң аулаға отырғызылған. Бес көшеттің үшеуі алып кетіп, байқалмай ұзара өсе бастайды.

Ең қызығы, топырақ тыңайтқышы ретінде қоян мен тауықтың боқтық-шіріндісі қолданылған, себебі олар жас көшеттердің тамыры үшін қоректік заттарды көптеп береді.

Бақша иесі вахталық әдіспен жұмыс жасайтынына қарамастан өте еңбекқор жан. Ол өзінің сүйікті бақшасымен кездескенде әрқашан қуанышты, оны қамқорлап, баптап күтеді, оған қоса көгалдандыру бойынша әдеби кітаптарды құмарта оқи отырып, сынақ жасағанды ұнатады.

Анатолий негізді түрде өз аулаңды көгалдандыру тек жанұяң тұратын ареалдың микроклиматын ғана жақсартып қоймайды, сондай-ақ бүкіл қаланың климатын жақсартады. Оған қоса жасыл көшеттерді отырғызудың жас ұрпақ үшін үлкен тәрбиелік мәні бар деп есептейді.

Бұл әуесқойлық Анатолийдің ата-анасынан өзіне, кейіннен оның балаларына берілуі тегін емес. Өздерінің сүйікті істерінің дәстүрлілігі мен сабақтастығын жалғастырушы бағбандар жанұясымен оқырмандар кеңінен танысты деп сенімді түрде айтуға болады, осы арнада Анатолийдің балалары мен жұбайы осы бір абзал да еліктіргіш істе отағасына көмектесіп, қолдау көрсете отырып, қалтқысыз еңбек етуде.

Бұл үлгі аларлық әуестік құнарсыз топырақ пен климаттық жағымсыз жағдайларға қарамастан адам еңбегі  тіпті табиғаттың өзі сәтті көгалдандыру мен бағбандыққа кедергі жасайтын кезде де «Эдем» немесе  «Семирамида бақшасын» жасауға қабілетті екенін көрсетті.

Туған өлкеміздің осындай патриоттары мен жанашырлары көбейе бергей!

«Алшы» қорының директоры Бекет Карашин

                                                                                        

12 қыркүйек 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.