Атырау, 26 қыркүйек 03:14
 ашықВ Атырау +23
$ 473.98
€ 504.03
₽ 4.93

Аудан жаңалықтары

1 282 просмотра

Ілеспе газ пайдаға асуда

Исатай ауданында мұнай өндірумен айналысатын «ПотенциалОйл» ЖШС электр энергиясын өндірудің әлдеқайда үнемді жаңа әдісін ойлап тапты.

Жалпы құны 2 млн доллар тұратын «Caterpiller G3516» американдық газпоршенді генератор қондырғысын сатып алған серіктестік жерасты ілеспе газын жағу арқылы электр энергиясын өндіріп отыр. Бұл кен орындарында өте тиімді.

***

 

Науқастардың қамы үшін

Қызылқоға ауданында туберкулезбен сырқаттанған жандарға баспана ұсынылмақ.

Олардың басым бөлігінің үй-жайы күйсіз халге жеткен болатын, ал баспана тұрғызатындай қауқарлары да жоқ. Осы орайда аудан әкімдігі облыс басшылығына хатпен шықты. Туберкулезбен ауыратын жандардың тұрғын-үй жайын жақсарту мақсатында облыстық бюджеттен 31 млн теңге бөлінді. 

***

 

Индербордағы жаңа мектеп

Индербор поселкесінде 264 оқушыға арналған С. Сейфуллин атындағы орта мектеп пайдаланылуға берілді.

- Бұдан бөлек Көктем мен өнер мектептері күрделі жөндеуден өтті. Қазан айынан бастап күрделі жөндеуден өткен Елтайдағы «Қызғалдақ» балабақшасы өз есігін ашпақшы, - дейді Индер ауданы әкімінің орынбасары Мұхамбетқали АЛДЕРЗИН.  

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

12 қыркүйек 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.