Атырау, 26 қараша 06:56
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қауіпті баған

1 830 просмотра

26 шілде күні Құрманғазы ауданына қарастыГанюшкин селосындағы Аэропорт ықшамауданында қатты желдің салдарынан үйлердің шатырлары ұшып, электр бағандарына нұқсан келеді. Біразы жөнделгенімен, сол теңселген күйінде қалғаны бар. Ал бұл қауіпті.

- «Атырау-Жарық» АҚ-ның монтерлері электр бағандарын қайта ауыстырды, ал менің ауламның сыртындағы қисайып кеткен бағанды желілердің көмегімен ғана тұрған күйі қалдырып кетті, - дейді Рабиға МҰХТАРОВА. -Көршілерім де соның қасында ойнаған балалар баған астына түсіп қала ма деп қауіптеніп отыр. Бұл бағанды 1992 жылы баспана салғанда күйеуім тұрғызған еді. Енді бұл баған жекеменшік деп, шенеуніктер бір-біріне сілтеуде.

Бұған орай «Атырау-Жарық» АҚ-ның Құрманғазы ауданындағы бөлім бастығы Дижан ҚАЙРОШЕВ былай дейді:

- Мұхтарова бізге де келіп кетті, ол кісіге түсіндіріп айттық. Себебі, ол баған жеке меншік. Дегенмен, көпбалалы екенін ескеріп,оған техника, электр монтерларын жіберіп, көмектесе аламыз. Ал баған мен қажетті сымды өзі табуы тиіс. Себебі жөндеу жұмыстарына қаржы есеппен бөлінеді. Сондықтан бұған түсіністікпен қарауын өтінер едім.   

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

12 қыркүйек 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.