Бүгін, 11 қыркүйекте «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.» (НКОК)Солтүстік Каспийдегі Қашаған кен орнынан мұнай өндіру бастағандары туралы хабарлады.
НКОК баспасөз қызметінің ақпараттары бойынша, Қашағанда бірінші ұңғыма ашылып, алғашқы мұнай баррелдері өндірілген.
«30 маусымда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мұнай өндірудің бастапқы кезеңдеріне қажетті құрылғылар құрылысының аяқталуын тойлау аясында Қашаған жобасының нысандарына келді. Бұл күн нысандарды қосуға соңғы дайындықтың басталуы іспеттес болды. Қашаған кенорны Солтүстік Каспийдегі шамамен 35 млрд. баррелді құрайтын геологиялық қоры бар ірі мұнай шоғыры болып табылады. Келесі игеру жобалары өндіріс көлемін бұдан көп арттыруға мүмкіндік жасап, Қашағанды әлемдік қуат ресурстары нарығының маңызды қатысушылары деңгейіне шығарады», - делінген ақпараттық хабарламада.
Естеріңізге салсақ, НКОК консорциумның жеті серіктесі атынан тағайындалған Оператор ретінде әрекет етіп, 1997 жылғы 18 қараша күнгі Солтүстік Каспий бойынша өнімдерді бөлу туралы келісім (СКӨБК) (өзгерістері мен қосымшаларымен бірге) аясында көмірсутегі кен орнын бағалау мен әзірлеуді жүзеге асырады. СКӨБК-тің 5 600 шаршы шақырым мердігерлік учаскесінде орналасқан кен орындары өзіне Атыраудың оңтүстік шығысынан 80 шақырым жердегі алпауыт Қашаған кен орнын, сондай-ақ Қаламқас теңіз, Оңтүстік Батыс Қашаған, Ақтоты және Қайран кен орындарын қосады.
Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА