Атырау, 26 қараша 07:01
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Емханалар жақсы баға алды

1 897 просмотра

29 тамызда Астанада ТМД-ның 4 елінің: Қазақстанның, Украинаның, Белоруссияның және Ресейдің экономика көшбасшыларын жыл сайын марапаттаудың 10-шы салтанатты рәсімі өтті. Экономикалық көрсеткіштер бойынша 300 үздіктің қатарына бірқатар атыраулық кәсіпорындар, соның ішінде алғаш рет екі медицина мекемесі – «Атырау облыстық офтальмологиялық ауруханасы» МКК және қалалық №5 емхана енді.

Облыстық офтальмологиялық ауруханасының бас дәрігері Мұрат ҚҰСАЙЫНОВТЫҢ (суретте) айтуынша, жеке өзі үшін және ұжым үшін бұл жеңіс жағымды тосын жайт болмаған. Бұдан басқа, аурухана марапаттарының қоржынында ұлттық сертификат пен «Сала көшбасшысы-2013» медалі, Құсайыновтың өзінде – «Қазақстан даңқы» ордені, бөлімше меңгерушісі Айжан САТЖАНОВАДА – «Қажырлы еңбегі үшін» медалі бар, ал бас медбике Гүлмайда ЕСМАҒАМБЕТОВА «Жыл маманы» атағына ие болған.

- Біз ай сайын облыстық және орталық денсаулық сақтау органдарына емдеу тиімділігі, қаржылық шығындар бойынша есеп беріп отырамыз. Бұл мәліметтер республикалық статистикалық базаға түседі, ол жерден бизнес-рейтингті ұйымдастырушылар ақпаратты сол жерден алған, -дейді М. Құсайынов. - Өз атымнан қосарым, жыл басынан бері біз халыққа (квота бойынша) жоғары мамандандырылған көмек көрсетудеміз: глаукоманың асқынған түрлеріне және көз импланттарын салу бойынша операциялар жасаймыз. Бұрын адамдарға сол үшін Атыраудан тысқары жерлерге баруға тура келетін. Бүгінде осындай 15 операция жасалды.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

12 қыркүйек 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.