Атырау, 23 қараша 19:24
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Американдықтардың көбі Обаманың Сирияға соққы беруді тоқтата тұру шешімін қолдады

1 326 просмотра

АҚШ-та қоғамдық пікір президент Обаманың Сирияға әскери соққы беру жоспарын тоқтата тұру шешімін қолдады, бұған сәрсенбіге қараған түні  президенттің телеүндеуін көрген американдықтардың  арасында CNN және  ORC жүргізген сауалнама нәтижесі дәлел бола алады деп хабарлайды РИА Новости.

Обама химиялық қаруды халықаралық бақылауға беру бойынша ресейлік ұсыныстың аясында  АҚШ Сирияға соққы беруді тоқтата тұрғаны жөн және БҰҰ-ның араласуымен бұл мәселені бейбіт жолмен  шешуге тырысу керек деп мәлімдеген болатын.

Сауалнама нәтижесі бойынша, респонденттердің 61%-ы Сирия бойынша президенттің ұстанымын қолдайды,   37%-ы  сириялық үкіметтің химиялық қаруды болжамды қолдануына Обаманың пікіріне қарсы шықты. Сауалнамаға қатысқандардың үштен екісі жағдайды дипломатиялық жолмен щешуге болады деп есептейді, 35%-ы бұған келіспейді.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

11 қыркүйек 2013, 11:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.