Атырау, 6 желтоқсан 00:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атырауда «ақылды» бағдаршамдар орнатылады

622 рет қаралды

Атырауда жаңа бағдаршам кешенін орнату жұмыстары басталды. Жобаны 30 мамырда жалпы құны шамамен 1 миллиард 800 миллион теңгені құрайтын екі келісімшартқа қол қойған «Чемпион» ЖК жүзеге асыруда.

Келісімшарт бойынша мердігер қала көшелеріне 78 заманауи бағдаршам қондырғысын орнатады. Әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, олар «ақылды» жүйемен жұмыс істейді: көлік ағынын тіркеп, режимді автоматты түрде реттейді. Шенеуніктердің айтуынша, бұл қаладағы жол қозғалысын жеңілдетуге көмектеседі.

Алайда «ақылды» бағдаршамдарды орнату кезінде қиындықтар да орын алды. «Дина» базары маңында бір бала қазылған құдаққа құлап кеткен. Алдын ала деректерге сәйкес, көлік тиым салынған жерде тоқтаған, бала шыққан кезде дәл жұмыстар жүріп жатқан аумаққа түсіп қалған. Абырой болғанда, ауыр зардап шеккен жоқ. Әкімдік өкілдері мердігердің келісімшарт аясында және «қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып» жұмыс істегенін атап өтті.

Жаңа бағдаршамдардың толық іске қосылатын уақыты ресми хабарламада нақтыланбаған.

Айнұр САПАРОВА

Суретті түсірген автор

28 тамыз, 09:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.