Атырау, 25 сәуір 12:51
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Apple корпорациясы iPhone-ның жаңа нұсқасын жұрт назарына ұсынды

2 437 просмотра

Apple корпорациясы смартфондарының жаңа нұсқасын – қымбат iPhone-5S пен арзандау iPhone-5С-ті көпшілік назарына ұсынды, деп хабарлайды Би-Би-Си.

Біріншісінде телефон иесінің саусақ бедерін анықтайтын сенсоры бар. Apple бірінші рет бір смартфонның екі нұсқасын шығарды. Ал, дактилоскопиялық жүйе бұрынғы құпиясөзбен қорғау жүйесінен анағұрлым басым түседі, деп отыр сарапшылар.

Арзандау iPhone 5C бес түрлі түстегі пластик қабатта шығарылмақ. 2012 жылғы iPhone 5 секілді жаңа смартфон Apple A6 процессорымен жұмыс істейді.

Қымбаттау iPhone 5S беті әйнектен ал қабы алюминийден жасалады. Ол қара, күміс және алтын түсті етіп шығарылады. Смартфонда 64-разрядты Apple A7 процессорі жұмыс істейді. Бұған дейін Apple моделдерінде тек 32-разрядқа дейінгі процессорлар қолданылған.

Жаңа телефондар айтарлықтай арзан болмайды, 64 Гб жадылы 5S ағылшындарға 709 фунт стрелингке (170 мың теңге шамасында) сатылады.

Apple-дің жаңа телефондары АҚШ, Британия, Қытай, Австралия және Канадада 20 қыркүйектен бастап сатуға шығарылады. Бірінші рет Қытай телофон алдымен шығарылатын нарық қатарына қосылып отыр.

iPhone-ның ұялы телефондары өте өтімді, өйткені Apple корпорациясының 50% табысы осы саудадан түседі. Алайда америкалық компания саудасы артқанымен нарықтағы үлесі төмендеп бара жатыр. Биыл екінші тоқсандағы iPhone-ның әлемдегі смартфондар үлесінде 13%-ға тұрақтаған, яғни бір жылда 4%-ға төмендеген.

Ал, Google Android жүйесіндегі смартфондар үлесі 69%-дан 79%-ға дейін артқан.

Дереккөз: bnews.kz

11 қыркүйек 2013, 09:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.