АҚШ президенті Барак Обама Ресейдің Сирияның химиялық қаруын халықаралық қауымдастықтың бақылауына беру туралы ұсынысын қолдады, деп хабарлайды ресйелік РБК агенттігі.
Б.Обама оң бастама деп бағаласа да, бұл Сирияның уақыт ұту үшін жасаған тактикалық қадамы деп отыр. Б.Обама Сирияның химиялық қаруына халықаралық бақылау қойылса онда шабуыл кейінге қалдырылады деп мәлімдеді. Америка президенті АҚШ-тың Сирия дағдарысын дипломатиялық жолмен шешуге болатынына сенім білдірді.
Бұған дейін, АҚШ президентінің әкімшілігі Ресейдің бастамасын зерделеп шығатынын, алайда Башар Асадқа шабуыл жасаудан бас тартпайтынын мәлімдеген. Осымен бірге АҚШ конгресіндегі дауысқа салынуы тиіс, Сирияға шабуыл жасай жөніндегі резолюция кейінге қалдырылды. Бұл туралы Америка сенаттағы көпшілікті құрайтын демократтар жетекшісі Гарри Рид хабарлады.
Дереккөз: bnews.kz