Атырау, 31 қазан 12:55
 бұлттыВ Атырау +10
$ 488.45
€ 529.19
₽ 5.04

Қырғызстанның оңтүстігінде бір отбасыны қырып салған қылмыскерлер ұсталды

1 922 просмотра

Қырғызстанның оңтүстігінде Қара бұлақ ауылында қыркүйектің 5-інен 6-сына қараған түні кәсіпкер Т.Ералиевтің отбасы мүшелерін өлтірді деген күдікпен 1991 және 1993 жылы туған жас жігіттер ұсталды. Бұл туралы BNews.kz тілшісі Қырғызстан ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. 

Күдіктілердің бірі 7 қыркүйекте Баткен қаласында, екіншісі 8 қыркүйекте Бішкекте тұтқындалды. 

Тергеу мәліметі бойынша, күдіктілер тонау мақсатында шабуыл жасаған. Қылмыскерлер отбасын түгел қырып салып, Баткен қаласында орналасқан дүкеннің кілтін алған. Олар зардап шегушінің көлігімен дүкенге келіп, сейфтен 3,5 мың доллар мен 50 ұялы телефонды алып кеткен.

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, қарулы шабуыл кезінде отағасы Т.Ералиев ауыр жарақат алған болатын. Оның әйелі, ұлы жұбаймен бірге және бір жасар сәби көз жұмды.

Дереккөз: bnews.kz

9 қыркүйек 2013, 13:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.