
Осы күні Ресей коммунистік партиясы Новопушкин алаңында акция өткізбек. Бұл акцияға мың адам қатысады деп келісілген.
Мәскеуде 8 қыркүйек күні таңғы сағат сегізде мэр сайлауы басталды. Мәскеу басшысының орнына 6 кандидат таласпақ. Олар: Михаил Дегтярев ("ЛДПР"), Николай Левичев ("Справедливая Россия"), Иван Мельников ("КПРФ"), Сергей Митрохин ("Яблока"), Алексей Навальный ("РПР-ПАРНАС") және өзін өзі ұсынған, Мәскеу мэрінің міндетін атқарушы Сергей Собянин.
Сарапшылар "Бұл сайлауда жеңіске негізгі екі кандидат таласады. Олар - Алексей Навальный мен Сергей Собянин" деп болжаған. Ресей оппозициясының жетекшілерінің бірі Алексей Навальный сайлау науқаны барысында Сергей Собянинге көптеген айыптар таққан.
2013 жылы шілде айында Алексей Навальный «қаржыны талан-таражға салды» деген айыппен бес жылға сотталған еді. Көп адамдар «бұл істің саяси астары бар» деп есептейді.
Навальный сот шешіміне апелляциялық арыз берген.
Дереккөз: azattyq.org
9 қыркүйек 2013, 10:35