Атырау, 15 қаңтар 14:13
 ашықВ Атырау -3
$ 530.24
€ 543.97
₽ 5.16

АҚШ-тың арнайы қызметі кез келген смартфондағы деректі алуға мүмкіндігі бар

2 028 просмотра

АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік агенттігінің қызметкерлері iPhone-нан бастапAndroid және Blackberry секілді кез келген сматрфонның операциялық жүйесіндегі деректерді қолына түсіре алады. Бұл жақында жария болған құпия қызметтердің құжаттарында көрсетілген, деп хабарлайды РБК агенттігі.

Аталған құжаттар Германия БАҚ-тарында жарияланған. Онда Американың ҰҚА қызметкерлері телефондағы нөмірлерді, SMS-хабарламаны оқып қана қоймай, телефон иесінің тұрған жерін де анықтай алатындығы көрсетілген.

Германия тілшілерінің қолына тиген құжаттарға сенсек, АҚШ-тың ҰҚА-да әр ұялы телефонның жүйесімен айналысатын арнайы мамандар тобы бар екен. Мысалы iPhone-дағы деректі алу үшін оны қосқан компьютерге қол жеткізсе жеткілікті екен. Скрипт аталатын шағын бағдарлама iPhone-да орнатылған 38 бағдарламаның мәліметін түсіріп бере алады.

Олар тіпті операциялық жүйесі мықты әрі сенімді деп аталатын Blackberry телефонының да қорғанысын бұзған. 2009 жылдан бері америкалық құпия қызметтегілер осы смартфонның SMS-хабарламасын оқуға қол жеткізген.

Агенттіктің жұмысы туралы қазір Ресей жерінде жүрген бұрынғы қызметкер Эдуард Сноуден жария еткен болатын.

Дереккөз: bnews.kz

9 қыркүйек 2013, 10:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.