Атырау, 18 қыркүйек 17:46
 ашықВ Атырау +10
$ 480.63
€ 535.13
₽ 5.27

Асқар Ақаевтың ұлы сыбайлас жемқорлық жасады деп айыпталуда

2 149 просмотра

Қырғызстан Бас прокуратурасы елдің бұрынғы президентінің ұлы Айдар Ақаевқа сыбайлас жемқорлық жасады деген сырттай айып тақты, деп хабарлайды Lenta.ru.

«Ол елге пайдасыз екенін біле тұра Құмтор алтын кенін әзірлеу туралы келісімдер жасаған», - делінген хабарламада. 

Прокуратураның мәліметінше, Айдар Ақаев Қырғыз үкіметі сарапшылар тобының құрамында алтын кенін өндірумен айналысатын канадалық Cameco корпорациясымен келіссөздер жүргізуге қатысқан. Кездесу 2003 жылдың желтоқсанында өткен.

«Соның салдарынан Қырғызстан Республикасының «Құмтор» жобасындағы 66,7% үлесі жаңа Centerra Gold (Cameco-ның еншілес ұйымы) компаниясы акцияларының 33%-ы көлемінде анықталған», - деп хабарлады прокуратура.

Осылайша, Cameco «Құмтор» кен орнын толығымен бақылауына алған.

Дереккөз: bnews.kz

9 қыркүйек 2013, 09:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.