
Мәскеу тұрғындары соңғы 10 жылда тұңғыш рет мэрді сайлау мүмкіндігіне ие болған еді.Мәскеулік сайлау комиссиясының мәліметтері бойынша жергілікті уақытпен сағат 2-де 77,5% хаттама өңделіп болған, Собянинге сайлаушылардың 51,45%-ы дауыс берген. Екінші орында оппозиционер, блогер Алексей Навальный («ПАРНАС» партиясынан) - 27,13%. Басқа үміткерлер едәуір артта қалып отыр: Иван Мельников (РФКП) - 10,68%, Сергей Митрохин («Яблоко» партиясы) - 3,5%, Михаил Дегтярев (РЛДП) - 2,89%, Николай Левичев («Справедливая Россия») - 2,82%. Жалпы Мәскеудегі сайлауға қатысу көрсеткіші - 33,23%. РФ ОСК мәліметтері бойынша, Мәскеу облысында да губернатордың уақытша міндетін атқарушы, «Единая Россия» атынан сайлауға түскен кандидат Андрей Воробьев алда келеді. 12,73% бюллетеньдерді өңдегеннен кейін Воробьевке 78,11% дауыс берілген. Облыстағы сайлаушылардың белсенділігі 36% құрады. Естеріңізге сала кетейік, 8 қыркүйек күні Ресей Федерациясының 80 субъектісінде Бірыңғай сайлау күні өткізілді. Оның барысында 7 мыңға жуық сайлау мен жергілікті референдумдар өтті.
Дереккөз: ҚазАқпарат
9 қыркүйек 2013, 08:59