
Бұған дейін "АЖ" Мақат ауданы Доссор ауылының тұрғыны Жанболат Исмагамбетовтің үйінің алдына құрылыс басталғаны туралы шағымын жариялаған еді.
Облыс әкімдігі мәселенің шешілгенін хабарлады. Облыс әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев бұл жерге «Ембімұнайгаз» АҚ демеушілігімен музей мен кітапхана ғимаратын салу жоспарланғанын нақтылады. Жер учаскесі ауылдық әкімдіктің балансынан шығарылып, екі жыл мерзімге «Нысандар құрылысын жүргізу компаниясы» корпоративтік қорына уақытша берілген.
Құрылыс жұмыстарын директор Амандос Әжіғалиев басқаратын «АЛЕМ КонстракшнГруп» ЖШС жүргізуде. Нысанға 818 миллион 446 мың теңге бөлінген.
Сондай-ақ, әкімдік өкілдері Исмагамбетовпен кездесу өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде, қақпа көше бетке ауыстырылатын болды.
Айнұр САПАРОВА
В Атырау +3