Атырау, 28 қыркүйек 16:46
 ашықВ Атырау +19
$ 482.77
€ 509.71
₽ 5.00

Сәтпаев даңғылы жабылады

2 708 просмотра

Құрметті қала тұрғындары және қонақтары!

Ағымдағы жылғы 9 қыркүйектен бастап жол-құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Сатпаев даңғылының келесі бағыттарындағы автокөлік қозғалысының жол бөліктері жабылатын болады:

Орталық көпірден Молдағұлова көшесіне дейін – 9– 13 қыркүйек аралығы;

Молдағұлова көшесінен И.Тайманов даңғылына дейін – 14-18 қыркүйек аралығы;

И.Тайманов даңғылынан Ерниязов көшесіне дейін – 19-23 қыркүйек аралығы;

Ерниязов көшесінен  Худин көшесіне дейін – 24-27 қыркүйек аралығы;

Худин көшесінен Халыққа қызмет көрсету орталығына (ЦОН) дейін – 28 қыркүйек – 3 қазан аралығы;

Халыққа қызмет көрсету орталығынан («Д.Нұрпейісова атындағы академия» аялдамасы) «Меркур» автосалонына дейін – 4–8 қазан аралығы.

     

Қозғалыстың келесі жол бөлігінде:

«Меркур» автосалонынан «Д.Нұрпейісова атындағы академия» аялдамасына дейін  – 9-13 қазан аралығы;

 «Д.Нұрпейісова атындағы академия» аялдамасынан Владимирский көшесіне дейін – 14 -21 қазан аралығы;

Владимирский көшесінен  И.Тайманов даңғылына дейін – 22- 26 қазан аралығы;

И.Тайманов даңғылынан Молдағұлова көшесіне дейін – 27 - 31 қазан аралығы;

Молдағұлова көшесінен Орталық көпірге дейін – 1–5 қараша аралығы.

Жол-құрылыс жұмыстары жүргізілетін учаскелерді іргелес жатқан көшелермен айналып өту қарастырылады.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұралады және түсіністік білдіруді өтінеміз.

 

Атырау қаласының әкімдігі

8 қыркүйек 2013, 16:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.