Атырау, 6 желтоқсан 07:42
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атырау тергеу изоляторынан қателікпен басқа тұтқынды босатып жіберген

1 165 рет қаралды

Атырау облысындағы тергеу изоляторында қылмыстық қателікке әкелген күлкілі жағдай болды - бостандыққа жазасын өтеу мерзімі аяқталған адам емес, басқа бір адам босап шықты.

Дереккөздерге қарағанда, бұл фамилиялары ұқсас болғандықтан, шатасқан. Құжаттарды рәсімдеу кезінде басқа адамның деректері болған. Құжаттарға изолятордың бірнеше басшысы қол қойып, содан кейін «бақытты жан» изолятордан шығып кеткен.

Бостандық ұзаққа созылмады: қызметкерлер қателікті анықтаған соң, ер адам изоляторға қайтарылды.

– Изолятор қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнына полиция, прокуратура және ҰҚК келді, – деді дереккөз.

ҚАЖД жағдайға ресми түсініктеме дайындап жатыр.

Айгүл МАНСУРОВА

12 тамыз, 18:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.