Атырау, 26 қараша 04:28
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Жоғарғы оқу орындарында газды сусындар сатылмайтын болды

2 707 просмотра

Жоғарғы оқу орындары мен колледждердің буфеттерінде газдалған сусындарды сатуға тыйым салынды.

Санитарлық эпидемиялық қадағалау департаментінің басшысы Өмірзақ ЗИНУЛЛИН нақтылағандай, бұл шектеу тек энергетикалық сусындарға ғана емес, кәдімгі лимонадтарға да тиесілі екен. Енді студенттер оқу орындарынан «Red Bull», Кока-Кола», тіпті «Тархун» сусындарын да сатып ала алмайды. Бұдан басқа, Денсаулық сақтау министрлігі студенттік буфеттерде чипсылар, кептірілген нандар, гамбургерлер, хот-догтар мен сағыздар сатуға тыйым салды.

Жақын арадан бері Қазақстанда кофеин, таурин және глюкуронолактон секілді сергітетін қоспалар санына шектеу енгізілуде. Алкоголсіз сусындарда олар екеуден аспауы, ал алкоголі аз сусында – бір қоспадан аспауы тиіс. Айта кетелік, медиктер сергітетін сусындарды баяу әрекет ететін бомбамен салыстырады. Қаңылтыр банкадағы тәтті суды тұрақты тұтыну залалы жоқтай көрінгенмен, ол семіздікке, гипертонияға және жүрек ауруына әкеп соқтырады. Естеріңізге салсақ, екі жыл бұрын Қазақстанда мектеп асханаларында газдалған сусындарды сатуға тыйым салынған болатын.

Анастасия ПАСТУХОВА

6 қыркүйек 2013, 17:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.