7 қыркүйекте «Бейбарыс» командасы сырт алаңда павлодарлық «Ертіспен» өткізетін матчымен кезекті хоккейден Қазақстан чемпионатын бастайды. Мұз сарайында болған баспасөз конференциясында «Бейбарыс» командасының бас бапкері Александр ИСТОМИН (суретте) өз ұжымының құрамымен таныстырды.
1-ші топ: Армандс Берзиньш (Латвия), Майк Дантон (Канада), Дэвид Макдональд (Канада), Вячеслав Трясунов (Қазақстан), Мартиньш Гиптерс (Латвия).
2-шітоп: Александр Зубков (Қазақстан), Евгений Деребян (Қазақстан), Лукаш Хвила (Словакия), Артем Аргоков (Қазақстан, команда капитаны), Илья Гуляков (Қазақстан),
3-шітоп: Витезслав Билек (Чехия), Мартин Херман (Чехия), Брайан МакГрегор (Канада, Ұлыбритания), Алексей Данилов (Қазақстан), Микки Пукка (Финляндия).
4-шітоп: Алдис Аболиныш (Латвия), ағайынды Илья және Павел Акользиндер (Қазақстан), Иржи Елинек (Чехия), Петер Махачек (Чехия),
5-шітоп: Денис Козырев (Қазақстан), Владмир Мамонов (Латвия), Михаил Милотински (Чехия), Георгий Дульнев (Қазақстан), Александр Долишня (Россия).
Қақпашылар: Дэнни Батточио (Канада), Никита Проходов (Қазақстан) және Олжас Қожанбек (Қазақстан). Сонымен қатар, команда құрамына Эдгарс Бранцис (Латвия), Деннис Бозич (Швеция), Ни Райен (Канада) қосылды, алміндетті жергілікті жас ойыншы ретіндеқалалық«Энергетик»әуесқой командасының ойыншысы Қайыржан Әлмұратов алынды.
«Бейбарыс» командасы бұдан 4 жыл бұрын құрылып, барлық маусымда да Қазақстан чемпионатының ақтық сынына қатысып, 2010-2011 және 2011-2012 жылдар маусымының «алтынына», 2009-2010 және 2012-2013 маусымдарының «күмісіне» ие болды.
Осы маусым аралық үзіліс кезінде командадан 15 ойыншы кетті, олардың алтауы «мәмлүктердің» негізгі қарсыласы – 2012-2013 жылдар маусымының чемпионы павлодарлық «Ертістің» қатарына ауысты. Истоминнің айтуынша, ол «Бейбарыста» жақсы өнер көрсетіп, өздерін халыққа танымал еткен спортшылардың Қазақстанның үздік командаларында өнер көрсететіне риза, сондай-ақ олардың орнына келген канадалық, латыш және чех легионерлері олардан да жақсы ойын өрнегін көрсететіне үміттенеді.
- Маусым ұзақ. Егер плей-офқа шығатын болсақ, командамызға чемпионат ойындарын қосқанда 70 матч өткізуге тура келеді. Өткен маусымда біз жарысты сәтсіз бастап, нәтижесінде тек «күмісті» місе тұтқанымызды жанкүйерлер жақсы біледі. Біздер бұдан қортынды шығардық және тек чемпиондыққа ғана таласатын боламыз.
Облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс МҰҚАН мұз құю машинасынан проблема болмайтынын (осының кесірінен былтыр «Бейбарыстан» 6 ұпай алынып тасталды) хабарлады. Ол үшін қосалқы бөлшектер алынып, 2014 жылы жаңа құю машинасы сатып алынатын болады.
Баспасөз конференциясынан кейін журналистер «Бейбарыс» ойыншыларының жалақылары мөлшерін айтуды сұрады. Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілі хабарлағандай, ойыншылар айына 2 мыңнан 8,8 мың доллар, бапкерлер 3 мыңнан 10 мың долларға дейін жалақы алады.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ