Атырау, 31 қазан 12:55
 бұлттыВ Атырау +10
$ 488.45
€ 529.19
₽ 5.04

WikiLeaks шпион бағдарлама жасайтын компаниялар тізімін жариялады

1 728 просмотра

WikiLeaks порталы азаматтардың ізіне түсіп, олардың жеке өмірі туралы ақпарат жинайтын бағдарлама жасайтын оншақты компанияның атауын жария етті. Осы бағдарламаны түрлі елдердің арнайы қызметтері пайдаланады, деп хабарлайды Newsru.com.

«Сайтта осындай компаниялар және үкімет пен ірі корпорацияларға ұсынған олардың бағдарламасы жөніндегі мәліметтер орналастырылған. Атап айтар болсақ, Skype арқылы немесе жерсеріктік және ұялы телефон байланысын тыңдау, электронды хаттарды, SMS-ті оқу», - деп көрсетілген жазбада.

Осының ішінде британия компаниясы Gamma Group 20-дай елге жұртты бақылайтын бағдарлама жасап берген. Осы нарықтағы басты компанияның бірі - италиялық Hacking Team. Сонымен қатар, тізімде Cobham, Amees, Digital Barriers, ETL Group, Utimaco, Telesoft Technologies секілді компаниялар көрсетілген. Олардың қатарында Ресейдегі Speech Technology Centre компаниясы да бар.

«Бізде осы компаниялар мен сол елдің үкіметтері арасындағы мәміле мен қаржы жайын білетін дерек жоқ. Тек шпиондық бағдарламалардың қолданылуы зерттеу кезінде анықталды. Осындай бағдарламалар белсенділер мен журналистердің соңына түсу үшін қолданылған. Шпиондық бағдарлама Бахрейнде іске қосылғаны жөнінде дерек бер. Былтыр бахрейндік белсенділер мен журналисттерге бақылау жүргізілген. Осындай бағдарлама орнатылған серверлерді Түркіменстан, Катар, Эфиопия секілді елдерден таптық», - деп хабарлады Калифорния университетінің сарапшысы Билл Марчак. Ол FinFisher шпиондық бағдарламасының бірқатар елде азаматтардың ізіне түскенін анықтаған.

Дереккөз: bnews.kz

6 қыркүйек 2013, 09:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.