
Индер ауданындағы 30 білім беру ұйымы 2025–2026 оқу жылын бастауға толық дайын. Аудан аумағындағы жалпы білім беретін мектептер, балабақшалар және қосымша білім беру ұйымдары қалыпты жұмысын жалғастырады.
Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Аудандық білім бөлімінің басшысы Орынша Ділмұқашеваның айтуынша, жаңа оқу жылына дайындық аясында бірнеше нысанда жөндеу жұмыстары жүргізілген. Атап айтқанда, М.Сиранов атындағы орта мектепте күрделі жөндеу басталған.
Сондай-ақ 15 мектепте, 11 балабақшада және 3 қосымша білім беру ұйымында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бүгінде барлығы жаңа оқу жылын қарсы алуға толық әзір. Айта кетерлігі, аудандағы білім ошақтарында қазандықтарды ауыстыру қажеттілігі туындамаған.
Жалпы, Индер ауданында білім нысандарын жаңғырту мен жөндеу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады. Бұл өз кезегінде білім сапасын көтеруге, оқушылар мен мұғалімдер үшін қолайлы жағдай жасауға жол ашпақ.
В Атырау +3