Атырау, 4 қазан 07:19
 ашықВ Атырау +24
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

«Боинг» сүріне жаздады (толықтырылды)

2 052 просмотра

«Алматы-Атырау» рейсін орындаған «Боинг» ұшағы Атырау әуежайына қонар кезде шассиге қатысты қиындық туындады.

Халықаралық әуежайдағы біздің дереккөзіміз хабарлағандай, төтенше жағдай 4 қыркүйекте таңертең «Алматы -Атырау» рейсін орындаған «Air Astana» компаниясының Boeing әуе кемесінің қонуы кезінде орын алған. Ұшқыштар шассилердің бірінің амортизаторынан ақау анықтапты. Атыраудан Алматыға ұшатын таңертеңгі (кері қайтатын) рейс кейінге қалдырылды. Осы рейстің жолаушылары басқа ұшаққа отырғызылды.

Ал Атырау әуе торабының ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инспекторы Нұрбай ШАҒИМОВТЫҢ айтуынша, айтарлықтай ештеңе болмаған және мұны апатты қону деп есептеуге болмайды екен. Әуе лайнерінің бүкіл жүйесі ретке келтірілді. 5 қыркүйекте сағат 11-дегі ахуал бойынша борт алі Атырауда болды.

Біз «Эйр Астана» әуе компаниясының жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментіне жолдаған сауалымызға төмендегідей мазмұндағы жауап алдық:

«Атырау қаласының әуежайына «Эйр Астана» ұшағының апатты түрде қонғандығы туралы БАҚ-тардағы ақпарат шындыққа сай келмейді.

«Эйр Астана» әуе компаниясы 3 қыркүйекте Амстердам-Атырау-Алматы бағыты бойынша тұрақты КС904/890 рейсін орындайтын Боинг 767 ұшағы штаттық режимде кесте бойынша Атырау қаласының әуежайына қонғанын хабарлайды.

Алматыға ұшар алдында ұшақты ұшу алдында дайындау кезінде шасси тұрақтарының бірінен майдың аққандығы анықталды. Соған байланысты әуе компаниясының қауіпсіздік жөніндегі нұсқаунамасына сәйкес, ұшақ ұшуды жалғастыра алмады.

Осы рейстің жолаушыларын тасу үшін резервтегі Embraer 190 ұшағы жіберілді. Келесі күні Атырауға Boeing 767 ұшағын жөндеу үшін қажетті құрал-жабдықтарын алып, инженерлік-техникалық топ ұшып кетті.

Бүгін, 5 қыркүйекте әуе кемесі Алматы әуежайының базасына келіп, әуе компаниясының тұрақты рейсін орындауды жалғастырады».

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

5 қыркүйек 2013, 11:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.