Атырау, 15 ақпан 21:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 496.00
€ 588.01
₽ 6.42

Атырау облысында суға батқандардың саны 17% азайды

332 рет қаралды

Атырау облысында биылғы шомылу маусымында судағы қауіпсіздік шаралары күшейтілуі нәтижесінде өлім-жітім 17%-ға төмендеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Рәтбек Демеуберген хабарлады.

Өткен жылы осы кезеңде облыста 6 адам суға батып қайтыс болса, биыл бұл көрсеткіш 5-ке азайған. Қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтаудың арқасында қайғылы оқиғалар азайғаны айтылады.

– Биыл шомылу маусымына дайындық ерте басталды. Облыс әкімінің тапсырмасымен жауапты органдар қатысқан жоспарлы рейдтер ұйымдастырылып, тұрғындарға кең көлемде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазір шомылуға рұқсат етілген жалғыз орын – Тұрғындар қалашығындағы «Малибу» жағажайы ғана. Ал қалған 45 демалыс орны былтырғы су тасқыны салдарынан су арналары мен жағалау инфрақұрылымдары жарамсыз болғандықтан уақытша жабық, – деді Р.Демеуберген.

Шомылу маусымы басталғаннан бері Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері 3600-ден астам рейд өткізді. Сонымен қатар, 83 адам ӘҚБтК-ның 412-бабы бойынша жауапқа тартылып, 1,1 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

Биыл су айдындарында 6 адам құтқарылды, оның ішінде бір бала бар. Жайық өзенінде қайықпен қызмет көрсететіндерге де рейдтік шаралар әлі жалғасуда.

6 тамыз 2025, 16:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.