Атырау, 29 наурыз 13:49
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Пентагон басшысы Ресей Сирияға химиялық қару жеткізді деп айыптады

2 666 просмотра

telegrafist.org фотосыtelegrafist.org фотосыАҚШ-тың Қорғаныс министрі Чак Хейгел Ресейді Сирияға химиялық қару жеткізді деп айыптады. Ол АҚШ Конгресінің сыртқы істер бойынша комитетінде осындай мәлімдеме жасаған, деп хабарлайды ресейлік YTPO.ru. 

«Асад режимінің химиляқ қаруының қоры біршама екендігі ешкімге құпия емес. Орыстар және басқалары оларға химиялық қару жеткізуде. Тағы басқасын өздері жасап алады», - деді Хейгел. Бірақ Пентагон басшысы бұдан басқа ештеңе нақтылап айтпаған.

Алайда бірнеше сағаттан соң, Хейгел айтқан сөзінен айнып баспасөз хатшысы арқылы өз ойын былайша түсіндірді. Сөйтсе Пентагон басшысы химиялық қару емес басқа нәрсені сөз етіпті.

«Хейгел Сирия мен Ресей арасындағы қаруға қатысты байланысын айтып өткен. Сирия үкімет химиялық қару бағдарламасын оны жылдан бері қолға алған, алайда көбіне сол жерде жасалады. Қазір Ресей Сирия үкіметіне көптеген әскери құрылғыларды беруде. Оның бірқатары өзгертіліп немесе басқа да жолмен химиялық қару жасауға пайдаланылуы мүмкін», - деп түсіндіреді Пентагонның баспасөз хатшысы Джордж Литтл.

Дереккөз: bnews.kz

5 қыркүйек 2013, 11:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.