
5 тамыз күні Индер балық инспекциясы мен Бөдене ауылдық округі әкімдігі бірлесіп, көктемгі тасқын суынан бөлініп қалған көлден балықтарды құтқарды.
Арнайы ау құралдарының көмегімен сазан, жайын, мөңке және олардың шабақтары жиналып, табиғи мекені — Жайық өзеніне жіберілді.
Инспекцияның баспасөз қызметінің мәліметінше, бір күн ішінде 1300 дана балық құтқарылған.
Құтқару жұмыстарына инспекция қызметкерлерімен қатар екі техника жұмылдырылды.
— Балықтардың жаппай қырылуын болдырмау мақсатындағы шаралар жалғасуда, — деп мәлімдеді инспекция өкілдері.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
В Атырау +3