АСТАНА, 4 қыр – Қазақстан жаңалықтары АА. АҚШ конгрессі жоғарғы палатасының халықаралық қатынастар жөніндегі комитеті Сирида әскери операция жүргізуге рұқсат беретін қарарды қолдап дауыс берді.
Он сенатор жобаны қолдап дауыс берді, комитеттің жеті мүшесі қарсылық білдірді.
Сенат толық құрамда қарар жобасын АҚШ конгресі жазғы демалыстан соң жұмысын жалғастырғанда, 9 қыркүйектен бастап қарайды.
Дереккөз: newskaz.kz