
“QazaqGaz” ҰК” АҚ басқарма төрағасының жаңа жобалар бойынша орынбасары Батыржан Тергеусізов Қашағандағы қуаты 1 млрд м3 газ өңдеу зауытының құрылыс барысына инспекция жасады.
Бүгінгі таңда құрылыс алаңына 1900 астам адам, 370 құрылыс техникасы жұмылдырылған. Басты назар өнеркәсіптік және өрт сөндіруді қамтамасыз ету және түнгі уақыттағы жұмысты ұйымдастыруға аударылған. Түнгі ауысымға 95 жуық жұмысшы тартылған.
Атқарылған жұмыс:
Ірі резервуарлар мен жер асты құбырларына жүргізілген сынақтар аяқталды;
-
Бетон құю, жабдықтар мен құрылыс құрылымдарын монтаждау жұмыстары жалғасуда;
-
Вахталық қалашықта жатақханалар мен әкімшілік ғимараттар салынып жатыр.
Негізгі жұмыс түрлері бойынша ілгерілеу:
-
Бетон жұмыстары — 67% аяқталған,
-
Жабдықтарды монтаждау — 41%,
-
Құбыр желілері — 41%,
-
Резервуарлар мен металқұрылымдар — шамамен үштен бірі орындалды.
В Атырау +4