Фото ИТАР-ТАСС/Алексей Никольский АСТАНА. 4 қыркүйек. ҚазАқпарат - Түркия Сирия тарабынан шабуыл жасалса, тойтарыс беруге толық дайын. Бұл жайында елдің премьер-министрі Тайып Ердоған мәлім етті, деп хабарлады Утро.ру.
«Біздің еліміз мұндай іс-қимылға кез келген уақытта дайын. Сирияның оған қаншалықты дайын екендігін білмеймін», - деді Түркия премьері Санкт-Петербордағы G20 саммитіне Анкарадан аттанар алдындағы баспасөз мәслихатында.
Түркия бұқаралық ақпарат құралдарының ақпаратына қарағанда, таяуда Сирия СІМ басшысының орынбасары Фейсал Микдад АҚШ тарабы шабуыл жасаған жағдайда Дамаскінің Израильге ғана емес, сонымен бірге Түркия мен Иорданияға да соққы беретіндігін мәлімдеген.
Дереккөз: inform.kz