Атырау, 21 желтоқсан 06:54
 бұлттыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Спорт жаңалықтары

2 419 просмотра

Жастар жетіліп келеді

Футболдан Премьер-лига клубтарының жастаркомандалары арасындағы ел чемпионатының алдын ала іріктеу кезеңі аяқталды.

«Атырау» футбол орталығының техникалық директоры Владимир ГРИГОРЬЕВТІҢ (суретте) айтуынша, бес турдың қорытындысы бойынша «Атырау» ФК-ның төрт жас ерекшелік командасы жартылай финалға шықты. Тек 1998 ж.т. шәкірттер ғана кезеңді соңғы орында аяқтап, 9-12 орындарға күресетін болады.

1999 ж.т. командасы үздік нәтиже көрсетті. Оның еншісінде - 10 жеңіс, бір тең есеп және турнир кестесінде бірінші орын. Команданың ойыншысы Алексей Блинов 12 гол соғып, чемпионат сұрмергендерінің бәсекесінде 2-орында келеді.

1995 ж.т. «Атырау» командасы 3-орынға табан тіреді. Команданың үздік ойыншысы Бахтияр Ғабдуллин 9 гол соғып, ол да мергендер арасында 2-орында. Олармен қатар 1996 және 1997 ж.т. «Атырау» командалары да медальдар үшін күресін жалғастыруда.

В. Григорьев хабарлағандай, футбол орталығының 2000 – 2005 ж.т. топтары чемпионатқа қатыспайды, олар Қазақстан Футбол федерациясының арнайы бағдарламасы бойынша жаттығуларын жалғастыруда.

Сонымен қатар, «ЖС»-ке футбол орталығының «Ривьера» стадионында шұғылданатын кіші топ балаларының ата-аналары хабарласты. Олар салқын түсіп келе жатқанына, ал стадионда киім шешетін орынжайлар жоқтығына алаңдаулы екен. Біз осы мәселе бойынша облыстық футбол федерациясының президенті, облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс МҰҚАНҒА хабарластық. Ол стадионға барып, керекті шешімдерді қабылдауға сөз берді

***

 

Ескек ескен оқушылар

Дене тәрбиесі және спортты дамыту өңірлік орталығының қолдауымен 1997-99 ж.т. мектеп және колледж оқушылары арасында байдарка мен каноэде есуден облыс біріншілігі өтті.  

Жарыстарға75 адам қатысты. Жүлдегерлер мінбесіндегі орындар келесідей бөлінді: (сәйкесінше 1-орыннан 3-орынға дейін): каноэ-бірлік, 200 метр - Роман Реймкулиев, Герман Карташов, Диас Салихов; 500 метр - Дамир Қойлыбаев, Данил Суханов, Ерболат Сагенов; 1000 метр – Д.Қойлыбаев, Е.Сагенов, Д.Суханов. Байдарка-бірлік, 200 метр - Эльдар Аманғалиев, Дмитрий Телятов, Слава Дворянчик; (қыздар) - Надежда Трифонова, Карина Муртазалиева; 500 метр - Сергей Вашурин, Андрей Бакиров, Андрей Рябцев; 1000 метр – А.Бакиров, Дмитрий Леонтьев, А.Рябцев. Каноэ-екілік, 200 метр – Д.Суханов және Д.Салихов, ағайынды Сагеновтер, Д.Қойлыбаев және Г.Карташов;  500 метр – Д.Суханов және Д.Салихов, Ильдар Сатанов және Г.Карташов, ағайынды Сагеновтер. Байдарка-екілік, 200 метр – Э.Амангалиев және С.Дворянчик, Артем Простов және Д.Телятов, Эдуард Бурков және Руслан Манчиев; 500 метр – А.Рябцев және А.Бакиров, Александр Чигрин және Максим Югов, С.Вашурин және Д.Леонтьев.

***

 

Бекболат спорт шеберлігін қорғады

Дзюдодан облыс құрамасы Ақтауда өткен Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған V халықаралық турнирде жақсы өнер көрсетті.

Турнирде жеңіске жеткен спортшыға спорт шебері атағы берілді. Сондықтан да татамидағы айқастар өте тартысты өтті. Жарысқа бұрынғы Кеңес одағы елдерінен 200-ден аса палуандар қатысты.

Кеден департаментінің 31 жасар қызметкері Бекболат Салықов(суретте) 100 келіден асқан салмақта «алтын», абсолюттік салмақта «күміс» иеленіп, Қазақстанның спорт шебері нормативін орындады. Финалда ол өзінің командалас серігі Кенжебек Күзенбаевты жеңіп, екі атыраулық алтын мен күмісті өзара бөлісті. Құрама қоржынына тағы бір «күмісті» 70 келіге дейін салмақта Эльмира Самиғоллаева салды. Сонымен қатар, атыраулықтар төрт қола медаль ұтып алды: 57 келіге дейін – Гүлнәз Тұрдыбаева, 60 келіге дейін – Шынболат Хасанов, 73 келіге дейін – Айбек Ахметов және 90 келіге дейін – Наурызбек Өтеуов. Спортшыларды А. Қыздарбаев, К. Досқалиев, Қ. Сүлейменов, Е. Зұлқанов және М. Есмағамбетовтер дайындады.

 

***

8-ден 79-ға дейін

1-БЖСМ-де шахматтан облыстық жеке абсолюттік біріншілік өтті.

Оған 56 адам қатысты. Абсолюттік есепте драмтеатр маңындағы жеке меншік шахмат мектебінің иесі 54 жасар Әзидолла Хамиев үздік атанды. Тоғызқұмалақтан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Құрманбай Әшетов одан жарты ұпай қалып қойды. Ал қола медаль Сәтпаев атындағы орта мектептің (Геолог селосы) 15 жасар оқушысы Шыңғыс Боранға бұйырды.

Әр түрлі санатта жеңімпаздар мыналар: 60 жастан жоғары ардагерлер арасында - №34 гимназияның (Алмагүл ы/а) шахмат факультативінің оқытушысы 74 жасар Бақтығали Сәрсенов, әйелдер арасында – 1-БЖСМ жаттықтырушысы Әйгерім Сәрсенова, 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер– Ш. Боран, 18 жасқа дейінгі қыздар – Құрманғазы ауданынан Марал Қажиденова, 14 жасқа дейінгі ер балалар – Қазақстан чемпионы Нұрбол Ғалымжанұлы, 14 жасқа дейінгі қыздар – Диляра Ғабитова, 10 жасқа дейінгі ер балалар – Ибрагим Ғалымжанұлы, 10 жасқа дейінгі қыздар – Сабина Салешова.

Соғыс ардагерлері кеңесінің сыйлығы ең қарт ойыншы Сабыр Ғабдолкәрімовке берілді. Айта кетсек, турнирдің ең жасы кіші ойыншысы 8 жасар Ажар Салешова болды.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер 2014 жылғы Қазақстан чемпионатына сәйкесінше санаттарында қатысуға жолдама алды.

Суреттерді түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

5 қыркүйек 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.