Атырау, 25 сәуір 06:44
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Бәріміз біріміз үшін

2 683 просмотра

«Атырау» ДСК-нде муай-тайдан балалар, жасөспірімдер және жастар арасында Қазақстан Кубогы өтті.

Жарысты Дене тәрбиесі және спорт агенттігі, облыстық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы, ҚР муай-тай федерациясының облыстық филиалы және «Қайсар» спорт клубы ұйымдастырды. Турнирге 8 облыстан 12 команданың 180 өкілі қатысты. Атыраудың намысын «Қайсар» және «Алан» (Доссор с.) спорт клубтарының спортшылары қорғады, олар облыстық чемпионаттан алдын ала іріктеуден өткен еді.

Турнирдің деңгейі өте жоғары болды, оған Еуропа, Азия және әлем чемпиондары қатысты. Жарыс нәтижелері бойынша Атырау құрамасы командалық 1-орынды жеңіп алды, Алматы 2-орынға, Астана 3-орынға табан тіреді.

Осы ортақ жеңісті әкелген атыраулық спортшылардың аты-жөндері: «алтын» - Артур Сабырұлы, Бекжан Мұратов, Жомарт Тынышқалиев, Мұхамедали Мақсот, Диас Серік, Владимир Хон, Оразғали Серікқалиев, Еламан Өтегенов, Дидар Жеңіс, Абылай Құралбаев, Серікқали Даулетов, Еламан Саясатов, Әлішер Мұхтаров, Дидар Болатов және Әбіл Ғалиев;«күміс» - Рамиль Маратов, Талғат Саламатұлы, Альтаир Амиров, Мейірбек Серік, Артем Лян, Жалғас Тәжібаев, Әлихан Шалқар, Кирилл Кириллов, Қуанышбек Тұралиев, Айбек Ақылбеков, Руслан Орынбаев, Аслан Айгунов, Әлібек Анарбеков және Екатерина Тамбовцева; «қола» - Әділжан Амангелдиев, Әли Мұратов, Әбілхайыр Мұхтаров, Жасұлан Қалиев, Ильяс Шахантаев, Евгений Кондратенко, Данил Демьяненко, Бекзат Салхатденов, Сұлтан Төлешев жәнеИлья Сулейманов.

ҚР муай-тай федерациясы Атырау облысының жаттықтырушылары – Бақытжан Мұхамбеталиевке, Нұрберген Әміржановқа, Мейрам Ғалиевке, Айбат Рахманға, «Қайсар» спорт клубының ата-аналар комитетінің өкілі Қалыбай Өтеповке Кубокты жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізгендері үшін алғыс айтады.

МұратСҰЛТАНҒАЛИЕВ

5 қыркүйек 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.