
16 шілдеде «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватындағы Шалыға аралында табылған құстардың өлексесі табылуына қатысты тексеру жұмыстары аяқталды.
Зертханалық зерттеу үшін үш шағаланың өлексесінен алынған сынама Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталыққа жіберілген болатын. 2025 жылғы 22 шілдедегі ресми зертханалық сынақ хаттамасына сәйкес, құстардан инфекциялық аурулардың белгілері анықталған жоқ.
23 шілдеде резерват қызметкерлері уәкілетті органдардың өкілдерімен бірлесіп, санитариялық нормаларға сәйкес құс қалдықтарын ветеринарлық жолмен кәдеге жаратты.
Қазіргі уақытта резерват аумағындағы құстардың жағдайына жоспарлы мониторинг жүргізіліп жатыр.
В Атырау +1