
Барлығы 41 азаматтың өтініші қаралып, оның ішінде 26 адамға біржолғы әлеуметтік көмек тағайындалды. Жалпы бөлінген қаражат көлемі – 1 821 100 теңге.
Нақтырақ айтқанда:
Қатерлі ісікке шалдыққан 16 адамға – 1 258 240 теңге;
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылып, пробация есебінде тұрған 5 адамға – 294 900 теңге;
Әлеуметтік жағынан аз қамтылған 2 отбасыға – 117 960 теңге;
Мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған 2 отбасыға – 100 000 теңге көлемінде көмек көрсетілді;
Мүгедектігі бар 1 адамға – 50 000 теңге.
Қалған 15 адамның өтініші қанағаттандырылмады. Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен хабарлағандай, оған отбасының орташа табысының күнкөріс деңгейінен асып кетуі және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы бойынша мұқтаждықтың анықталмауы жағдайлары себеп болды.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
В Атырау +3