
Атырау облысында көктемгі егіс жұмыстары белгіленген мерзімде және агротехникалық талаптарға сәйкес толық аяқталды.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, аймақтағы жалпы егіс алқабы 8 754 гектарға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 66%-ға өскен.
Ауыл шаруашылығының барлық салаларында өнім көлемі артқаны байқалады.
- 11 гектар картоп алқабынан 260 тонна, шамамен 200 гектар көкөніс алқабынан 9 500 тонна, 148 гектар бақша дақылдарынан 7 700 тонна және 594 гектар мал азығы дақылдарынан 4 000 тонна өнім жиналған. Қазіргі уақытта маусымдық жұмыстарға қажетті еңбек ресурстары да тартылуда: шетелдік жұмысшылар үшін 670 квота бөлінген, оның 1 шілдедегі жағдай бойынша 521-іне рұқсат беріліп, қалған 149 квота бойынша жұмыс жалғасып жатыр, – деді облыстық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы Азат Қапанов.
Қазіргі уақытта облыста егін жинау науқаны басталып, 8 754 гектардың 1 500 гектарынан астамы жиналып, шамамен 21 мың тонна өнім алынды.
В Атырау +3