
Атырау облысында электр желілерін жаңарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Теміржол маңындағы елді мекендерде жалпы ұзындығы 237 шақырым электр желісі жаңартылды. Сондай-ақ, осы облыс аумағындағы қосалқы станциялар мен жоғары кернеулі желілер толықтай ауыстырылды.
Бұл туралы Атырау облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Асан Нұрғалиев хабарлады.
- Бұдан бөлек Қызылқоға, Мақат, Жылыой және Индер аудандарында қосымша 111 шақырым электр желісі жаңартылып, 137 дана көше жарығы шамы орнатылды. Бұл – облыс тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Қазір Атырау қаласындағы Нұрсая және Самал шағынаудандарында қуаттылығы 32 МВт болатын жоғары кернеулі электр станцияларының құрылысы жүргізілуде. Нысандар жыл соңына дейін іске қосылады деп жоспарлануда, - деді А. Нұрғалиев.
Энергетикалық инфрақұрылымды жаңарту – өңірдегі тұрақты жарықпен қамтуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ әлеуметтік және экономикалық даму қарқынын арттыруға сеп болмақ.
В Атырау +3