Атыраулық бизнесмендердің «Іскерлік байланыстар» жобасының аясында «Тұран» университеті мен Біліктілікті арттыру институты «Тұран - Профи» Халықаралық кәсіби академиясында тегін оқуға мүмкіндіктері бар. Анағұрлым табысты кәсіпкерлер айлық іс-тәжірибеден өту үшін шетелдерге жіберіледі.
«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аймақаралық филиалының менеджері Лаура ӘМІРОВАНЫҢ айтуынша, қазіргі уақытта өтінімдерді іріктеу жүргізілуде. Оқытудың бірінші кезеңі Алматы мен Астанада («Тұран» университеті мен БАИ «Тұран - Профи» ХКА) 1-10 қазан аралығында өтетін болады. «Іскерлік байланыстар» жобасы бойынша шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жоғарғы және орта буын басшылары оқытылады. Ол сондай-ақ, Германия мен АҚШ-тағы серіктестермен іскерлік байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Оқу тегін. Жобаға қызметтері «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша экономиканың басымды секторларының: агроөнеркәсіп кешені, көлік және қаттау (ТҚС, автокөлікпен жүкті тасымалдау), білім беру (оқу орталықтары, мектепке дейінгі мекемелер, орта және техникалық білім беру мекемелері) және т.б. тізіміне сәйкес келетін компания өкілдері қатыса алады. Компанияның нарықтағы қызметі бір жылдан кем болмауы тиіс, өйткені өтінімде алдыңғы жылдың жылдық айналымы, активтердің орташа құны және қызметкерлердің орташа саны көрсетілуі керек.
Өтінімдерді іріктеу 11 қыркүйекке дейін жалғасады. 2011 жылы Атырау облысында «Іскерлік байланыстар» жобасының аясында оқытудың бірінші кезеңінен 11 адам өтті, оқытудың екінші кезеңіне төрт адам кетті (екеуі – Германияға, екеуі – АҚШ-қа). 2012 жылы бірінші кезеңде аймақ бойынша 13 адам оқытылды. Іс-тәжірибе республикалық бюджет есебінен өткізіледі.
Зульфия ИСКАЛИЕВА