Атырау, 5 желтоқсан 07:26
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырау облысында тасқыннан қалған көлшікте оттегі жетіспей жатыр

465 рет қаралды

Облыста көктемгі су тасқынынан кейін уақытша су қоймаларында қалып қойған балықты құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Жаз бойы балық өсіп, қазір қайта өңдеуге жарамды деңгейге жеткен. Алайда ыстық ауа райы мен судағы оттегі деңгейінің төмендеуіне байланысты балықтың жаппай қырылып қалу қаупі туындап отыр. 

30 шілдеде Балық шаруашылығы инспекциясы облыста балықтардың жаппай қырылуының алдын алу мақсатында арнайы тексеру жүргізді. Шараға Махамбет аудандық инспекция мамандары, Экология департаменті, Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының Атырау филиалы, Табиғи ресурстар басқармасы және жергілікті әкімдік өкілдері қатысты. Мамандар көктемде тасқыннан кейін су толып қалған жайылымдар мен балық шаруашылығы су айдындарын аралап шықты. 

Нәтижесінде жағалау аймақтарының санитарлық жағдайы қалыпты екені анықталды, балық қырылу дерегі тіркелмеген. Алайда судағы еріген оттегі мөлшері мен температураны өлшеу кезінде кейбір жерлерде балықтың тұншығып қалу қаупі бары анықталған. Осыған байланысты арнайы рұқсаты бар балықшыларға ірі балықтарды аулауға рұқсат беру туралы шешім қабылданды. Бұл су айдындарындағы шабақтарды Жайық өзеніне жіберу жоспарланып отыр. 

"Үлкен балықтар сол жерде ауланып, өңдеуге және сатуға пайдаланылады", – деді балық шаруашылығы инспекциясының баспасөз қызметі.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

31 шілде, 16:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.