Атырау, 26 қараша 04:17
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Билл Гейтстер өзімізден шыға ма?

1 865 просмотра

Кәсібін жаңа бастап жатқан бизнесмендер тағы бір қоғамдық бірлестіктің қолдауына сүйене алады – «Самұрық» жас кәсіпкерлер лигасы» Атырауда Кәсіпкерлерді қолдау орталығын ашты.

Лига президенті Олжас РАХИМОВТЫҢ айтуынша, бұл қорға «Самұрық-Қазынаның» еш қатысы жоқ, алайда жастардың жетістікке жету үшін талпынулары қуантады. Лига өзінің басымдық бағыттары ретінде елдің өндірістік әлеуетін көтеру мен отандық сәтті брендтерді шығаруды таңдапты. Бұл мақсаттарға жету үшін «SANA» лигасының өндірістік базасын пайдаланып, жеңіл және тамақ өнеркәсібіне, сондай-ақ құрылыс материалдарын өндіру кәсіпорындарына басымдық беру жоспарлануда. Жас бизнесмендерде отандық өндірістің дамуына қаражат салуға дайын инвестормен жасаған алдын ала келісімдері де бар екен.

- Біз бұған үлкен мән береміз, өйткені қазір қызмет көрсету нарығы толып тұр да, өндіріс, әлі де болса, дұрыс дамымай жатыр. Жыл соңына дейін Атырауда минералды және таза су шығару зауытын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл жоба «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады, - дейді Олжас Рахимов. Келесі жылы лига тағы да 4 өндіріс ашуды жоспарлауда.

Кәсіпкерлерді қолдау орталығында ісін жаңа бастап жатқан бизнесмендер толыққанды көмектер ала алады: олар үшін тренингтер өткізіледі, бизнес-жоспар дайындауға және жеке брендін жасауға көмектеседі. Қызметтер топтамасына шет тілдерді үйрету курстары да кіреді.

- Орталық жұмысын мемлекеттің қолдауынсыз өз беттерімен бастап отыр. Алайда егер ол белсенді бизнестің қолданыстағы алаңына айналса, жергілікті атқарушы органдар олардың жұмыстарын міндетті түрде қолдайды. Облысымызда 29 жасқа дейінгі 3 мыңға тарта жеке кәсіпкерлер бар және олардың саны үнемі артып келеді, - дейді облыстық жастар саясаты жөніндегі басқарманың басшысы Мейірім ҚАЛАУИ. Ол, сондай-ақ, облыстажаңа басталатын бизнеске «Spark Искра» жас кәсіпкерлер одағы, «Атамекен» қоғамдық қоры үнемі қолдау көрсетіп отыратынын, жыл сайын «Инновациядан дамуға» инновациялық жобалар байқауы өткізілетінін, ал биыл алғашқы рет «TEDx» форматы бойынша конференция өткенін атап өтті.

Таза коммерциялық жобалармен қатар «ААА» қайырымдылық ұйымымен де бірлесе жұмыс жасалады. Тағы бір бағыт – алдыңғы қатарлы жастар арасынан Стив Джобсқа, Билл Гейтске, Марк Цукербергке және т.б. теңдесер қазақстандық дарындарды іздеу. Лига талантты жастарға инновациялық жобаларды жасауға көмектесуге дайын: олар үшін инвестор тауып беруге уәде беріп отыр.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ     

5 қыркүйек 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.