Атырау, 6 желтоқсан 10:53
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Атыраудағы түнгі рейд: үш күнде 376 жасөспірім қараусыз жүрді

362 рет қаралды
Көрнекі сурет /polisia.kz

Атырау облысында 27-29 шілде аралығында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Нәтижесінде 376 жасөспірім полиция бөлімшесіне жеткізілді. 

Бұл туралы Атырау облыстық Полиция департаменті басқармасы бастығының м.а. Абзал Әліпқалиев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Негізгі мақсат – жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың алдын алу және балалардың түнгі уақытта қараусыз жүруіне тосқауыл қою.

Үш күндік рейд барысында ішкі істер саласының қызметкерлері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, кешкі және түнгі уақытта жастар жиі жиналатын орындарды тексерді.

Осыған байланысты ата-аналық міндетін орындамағаны үшін 21 адам, ал түнгі уақытта кәмелетке толмағандарды ойын-сауық орындарына кіргізгені үшін 7 кәсіпкер ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 132-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Көшеде заңды өкілінсіз жүрген 350 жасөспірімнің ата-анасына да қатысты әкімшілік шара қолданылды.

Тәртіп сақшылары қадағалауды қажет ететін отбасылармен алдын алу жұмыстарын өткізіп, заңды өкілдермен құқықтық сипаттағы әңгімелесулер жүргізді.

Брифинг соңында спикер ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға шақырды. Атап айтқанда, суға түсу ережелерін сақтау, түнгі уақытта қоғамдық орындарда жалғыз жүруге жол бермеу, сондай-ақ көпқабатты үйлердің терезелеріне қауіпсіздік құралдарын орнату қажеттігі ескертілді.

Тәртіп сақшылары қадағалауды қажет ететін отбасылармен профилактикалық жұмыстар жүргізіп, балалардың заңды өкілдерімен тілдесті.

Спикер брифинг соңында ата-аналарды перзенттерінің қауіпсіздігіне ерекше мән беруге шақырды. Атап айтқанда, суға түсу ережелерін сақтау, түнгі уақытта ойын-сауық орындары мен қоғамдық жерлерде жалғыз жүруге жол бермеу, көпқабатты үйлердің терезесіне қауіпсіздік құралдарын орнату секілді шараларды қатаң ұстану ұсынылды.

30 шілде, 17:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.