Атырау, 6 желтоқсан 10:53
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Исатай ауданындағы түйеден құтырма дерті анықталды деген ақпарат расталған жоқ

338 рет қаралды
Видеодан жасалған скриншот

Исатай ауданының Тұщықұдық елді мекенінен 30 шақырым жерде орналасқан Архар ауылында түйеден құтырма дертіне тән күдікті белгілер анықталды. 

Бұл туралы Атырау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы хабарлады.

27 шілдеде Қазиев есімді тұрғынға тиесілі түйе ветеринариялық тексеруден өткізілген. Маман­дар күдік тудырған жануарды оқшаулап, қажетті сынамаларды жинаған. Қазіргі уақытта түйе ветеринариялық бақылауға алынып, зертханалық талдау нәтижелері үш күн ішінде белгілі болмақ.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде тараған бейнематериалда осы дертке тән белгілер байқалады делінген. Алайда облыстық басқармадағылар ақпарат ресми түрде расталмаған деп отыр. 

Ветеринарлық қызметтер жағдайды бақылап отыр. Ауру анықталған жағдайда, қолданыстағы ветеринарлық заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады.

30 шілде, 17:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.