Атырау, 6 желтоқсан 10:53
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Жайық өзенінен ғылыми мақсатта су және балық сынамасы алынды

401 рет қаралды

29 шілде күні Индер балық инспекциясы бөлімінің мамандары мен «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» Атырау филиалының қызметкерлері бірлесіп, Индер ауданы аумағындағы Жайық өзенінен кешенді ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Зерттеу барысында өзеннен су, су астындағы бактериялар және батометр құрылғысы арқылы су түбіндегі тұнба (қою балшық) үлгілері алынды. Сонымен қатар, құрма ау құру арқылы өзендегі балық түрлерінің құрамы, олардың жыныстық құрылымы (аталық, аналық саны), жас ерекшеліктері және таралу жиілігіне қатысты салыстырмалы зерттеулер жүргізілді.

- Нәтижесінде 8 дана көксерке балығы және 3 дана сазан шабағы (1 жасар және 1,5 жасар) құрма ауға түсіп, арнайы сараптамаға жолданды. Зерттеу жұмыстарының қорытындысы алдағы уақытта жарияланатын болады, - деп хабарлады инспекцияның баспасөз қызметі. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

30 шілде, 16:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.