...Өзін сыйлайтын әрбір рэпер өзі туралы, анасы, достары және туған қаласы жөнінде міндетті түрде өлең жазуы керек деген қағидат бар. Атыраулық «Truewave» тобының көшбасшысы 24 жасар Stelsa Travoltah, өмірдегі аты – Анастас УДОВЕНКОНЫҢ мұндай өлеңдері жеткілікті. Әсіресе, қала туралы әндері жан тербетеді. Жалпы, рэперлер отансүйгіш болып келеді.
Оның бас сүйегі ішіндегі ми қыртыстары әңгімеміздің бесінші минутында-ақ шытырман ойлардың тізбегін шығара бастады. Оның басында не болып жатқанын білмеймін, алайда оның айтқандарын түсіну үшін мың ойланып, мың толғану керек.
Жалпы, рэперлік мәтіндер қағазға түсіруге келмейді. Оның өлеңдері ішінен поэзияға түсінетін адамдар үшін шумақтар жазып алу әрекеттерімнен түк те шықпады.
Мұны түсіну үшін белгілі бір жиілікке қосылып, мүмкіндік болса, тобырмен араласып, сахнада ән салып тұрған капюшонды жігітке ғана қарап, бар дүниені, наным-сенімдердің бәрін ұмыту керек. Құлағыңды тек соның әуенін тыңдау үшін ашып, шумақтар арасындағы үзілістерді ұмытып, аузынан шыққан сөздермен бірге таралып жатқан арынды қуатты сезіну үшін қанатыңызды кеңге жайыңыз.
- Теңізшілердің жүзбей, аяқпен жүретіні сияқты, рэперлер ән айтпайды, оны оқиды. Мен өз қаламды сүйемін, сондықтан да оған көп әндерімді арнаймын. Сондай-ақ, адамдар, өкпемізді улап жатқан зауыттар туралы, экспаттар мен достарым жөнінде сөз саптаймын. Әндерімде тек шындықты ғана айтамын. Бұл көп адамдарға ұнай бермейді. Менің әндерім қалай пайда болады дейсіз бе? Мен оны бейнелеймін, содан кейін жасаймын деуге болады.
Сонымен, Stelsтүсіндіргендей, ол әуенді бүкіл денесімен естіп, сезінеді екен. Дыбыстар ол үшін түрлі түсті бояулы тақтайлар сияқты. Аспаптың шектері, клавиштер қатары, эквалайзер бағандары мен жолдарын дірілдеткен электронды импульстер. Ол әуенді осылайша түсінеді.
Артықтарын алып тастап, үздіктерін таңдайды, содан кейін өзінікін қосады. Үнемі эксперимент жасап, жаңа нәрселерді қарайды, түзетеді. Бір әуенді айлар бойы өңдеп, достары мен жақындарын жалықтырып та жібереді. Алайда олар бұған әбден үйреніп болған, Анастас осындай.
Сонымен қатар оның жағымды баритон дауысы да бар. Менің жеке пікірім – егер ол қаласа, жақсы эстрада әншісі болар еді. Алайда мен оған осы туралы айтсам, жақтырмайтыны сөзсіз.
Ол өзінің 22 жасында бірталай жетістіктерге қол жеткізген: 10 альбом мен микстейптер жазылды, BigSom, Skif, ProgressProduction, Antrax, GhettoGogs, SalamalecSound, Timazet, Адаманты сияқты қазақстандық белгілі хип-хоп орындаушыларымен бірге көптеген біріккен жобалар жасады. Ресейліктер де «Truewave» тобын ұнатады екен - L’one(BlackstarInc.), InfernoMusic, Miko(GLSS) топтарымен бірге жасаған жобалары да бар.
Айта кетсек, бұл жұмыстарды http://vk.com/audios8005771 бетшесінен тыңдауға болады, мүмкін Travoltah рэпі сізге де жағар.
Анастасия ПАСТУХОВА