Атырау, 5 желтоқсан 08:39
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Ресей бензин экспортына толық тыйым салды: Қазақстанға импорттау құқығы сақталды

426 рет қаралды

Ресей Федерациясының үкіметі елден бензин экспортына толық тыйым салды, бұл шектеулерді өндірушілерге де таратты. Қазақстан қажет болған жағдайда импорттау құқығын сақтап қалды, деп хабарлайды Нефть и газ Казахстана Telegram арнасы.

Хабарламада айтылғандай, бұл шешім ішкі отын нарығында жоғары маусымдық сұраныс және ауылшаруашылық егіс жұмыстары кезеңінде тұрақты жағдайды сақтау үшін қабылданды.

Ақпан айының соңында Ресей билігі 31 тамызға дейін жылына 1 миллион тоннадан аз бензин шығаратын трейдерлер мен мұнай өңдеу зауыттары үшін бензин экспортына тыйым салған болатын. Бүгіннен бастап тыйым барлығына таратылды.

Ерекшелік "Ресей Федерациясының аумағынан халықаралық үкіметаралық келісімдер (соның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге) шеңберінде индикативті баланстарда көзделген көлемдер шегінде әкетілетін тауарлар" үшін жасалған.

2025 жылға арналған Индикативті баланс шеңберінде Қазақстанға Ресейден тұтынудың ең жоғары кезеңдерінде кедендік баж төлемей импорттау көзделген:

  • 285 мың тонна автобензин,
  • 300 мың тонна авиаотын,
  • 450 мың тонна дизель отыны,
  • 500 мың тонна битум.

2024 жылы Қазақстан бензинге деген қажеттілігін дерлік толығымен өзі қамтамасыз етіп, Ресейден бар болғаны 22 400 тонна импорттады, негізінен қазан-қараша айларында Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстары кезінде.

30 шілде, 14:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.