
Жаздың соңғы айына таман Атырауда жағажай дайын болды. Ол да қала бойынша әзірге ашылған жалғыз жағажай.
Демалыс орны шезлонгтармен және киім ауыстыратын орындармен жабдықталған. Әдеттегідей, суға түсу аймағы қоршалған, тіпті балаларға арналған орын да бар. Мұнда суға түсуге болады, бірақ тек осы жерде. Қаланың және қала маңындағы басқа жерлерде суға түсуге әлі де тыйым салынған.
Атырау облысы полициясы суға түсуге рұқсат етілген аймақтар тізімін Төтенше жағдайлар қызметі бекітетінін еске салды. Ал тәртіп сақшылары демалушылардың ереже бұзбауын қадағалайды.
Сонымен қатар, жаз басынан бері рұқсат етілмеген жерде шомылғаны үшін 95 хаттама толтырылған.
Полицияның айтуынша, тәртіп бұзушыларға бірден айыппұл салынбайды. Бірінші ретте ескертумен шектеледі. Қайталап суға түскендерге 2-ден 42 АЕК-ке дейін (7 864 теңгеден 165 144 теңгеге дейін) айыппұл салынады.
Айыппұл мөлшері белгісіз критерийлерге байланысты – полиция оның қалай анықталатынын нақтыламайды, бірақ профилактикалық рейдтердің толық қарқынмен жүріп жатқанына сендірді.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
В Атырау +3