Атырау, 26 қараша 04:33
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Отбасылық мереке

13 177 просмотра

8 қыркүйекте Қазақстанда алғаш рет Отбасы күні тойланатын болады. Біздің облысымызда жаңа мерекеге бірқатар шаралар арналмақ.

Осы күнге орай жетім балаларға, сондай-ақ, мүмкіндіктері шектеулі балаларға қолдау көрсететін қайырымдылық акциялары өткізілетін болады. 6 қыркүйекте үлгілі отбасылармен облыс әкімі кездеседі. 7 қыркүйекте облыстық әділет департаментінде күміс және алтын тойларын атап өтетін отбасылар жас жұбайлармен өз тәжірибелерімен бөліседі. 8 қыркүйекте қалалық және облыстық перзентханада халық көп болады. Осы күні дүниеге сәбилері келген отбасыларды облыстық денсаулық сақтау басқармасының, әкімдіктердің, мәслихаттардың, саяси партиялардың өкілдері құттықтауға келеді. Мерекенің шарықтау шегінде отбасылық ансамбльдердің қатысуымен, отшашумен Исатай-Махамбет алаңында гала-концерт өтеді.

15 мамырда атап өтілетін Халықаралық отбасы күні 1993 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен бекітілген. Мұндай мерекелер көптеген елде өткізіліп тұрады. Ресейде Отбасы, махаббат пен адалдық күні 8 шілдеде тойланады. Қазақстанда бұл мереке қыркүйектің екінші жексенбісінде атап өтілетін болады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

5 қыркүйек 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.