
Атырау қалалық Мәслихатының XXXІ-сессиясында Атырау ауылдық округін тарату мәселесі қаралды.
Жоба бойынша округ құрамындағы Қызылбалық, Жаңаталап және Құрманғазы ауылдарын Дамбы ауылдық округіне қосу ұсынылды.
Атырау қалалық әкімдігінен анықтағанымыздай, құжат Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымды реттейтін заңдарына және тұрғындармен өткен қоғамдық тыңдаулардың нәтижесіне, тұрғындардың пікірлеріне сүйене отырып әзірленген.
- Аталған өзгеріс бойынша Атырау қаласы әкімдігі мен қалалық мәслихат бірлескен қаулы мен шешім қабылдады, - деді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қазіргі кезде бірлескен қаулы мен шешім негізінде дайындалған ұсыныстар қалалық мәслихаттың XXXІ-сессиясында бірауыздан мақұлданып, Атырау облысының әкімдігі мен Атырау облыстық мәслихатына жолданды.
Көше атаулары өзгереді
Сессияда бұдан бөлек, қала маңындағы кейбір көшелерге жаңа атау беру, ескі атауларды өзгерту және Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерлердің есімін беру мәселелері қозғалды. Көшелерге қайта атау беру кезінде ономастика комиссиясына жергілікті тарихшыларды қосу ұсынылды.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
В Атырау +3