Атырау, 6 желтоқсан 10:57
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атырауда екі BINOM мектебі салынып жатыр

507 рет қаралды

Атырау қаласында әрқайсысы 2000 орындық екі BINOM мектебі салынып жатыр.

Атырау қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктері арқылы заманауи үлгідегі жаңа мектептер бой көтеруде. Білім беру нысандары өңірдегі мектеп тапшылығын азайтып, үш ауысымда оқыту және апатты мектеп мәселесін шешуге бағытталған.

Бұл туралы Атырау облысы Білім беру басқармасының бас маманы Абылай Ережеп мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Білім беру нысандары Ақ шағала шағынауданы мен Драма театр аумағында «Binom Barys» ЖШС-мен жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік келісімшарттары негізінде салынып жатыр. Бұл жоба өңірдегі мектеп тапшылығын азайтып, үш ауысымда оқыту және апатты мектеп мәселесін шешуге бағытталған. 

Ақ шағала шағын ауданындағы жаңа мектептің құрылысы былтыр желтоқсанда басталды, оның 30 пайызы дайын. Мердігер мекеме жыл соңына дейін аяқтап, пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Ал Драма театр аумағынан бой көтеретін мектеп құрылысы енді басталды. Оны 2026 жылдың қыркүйегіне дейін аяқтау көзделіп отыр.

Бұл мектептердің салынуы бірнеше маңызды әлеуметтік мәселені шешеді. Нақтырақ айтқанда, Авангард шағынауданындағы №3 және №19 мектеп-гимназияларындағы, Драма театр аумағындағы жаңа мектеп №17 мектеп-гимназиясы мен №24 орта мектептеріндегі үш ауысымдықты жоюға мүмкіндік бермек. Сондай-ақ апатты жағдайда деп танылған №30 мектеп-гимназиясының оқушыларын жаңа ғимаратқа көшіру көзделуде. 

Бұған дейін облыстық білім басқармасының басшысы М.Әбуов BINOM мектептері 2025 жылдың аяғына дейін салынады деп уәде еткен еді. 

29 шілде, 18:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.