
Ол блогер сыйлық ойнатып, мұқтаж жандарға көмек беруді уәде етемін деп ондаған адамды алдаған.
Қазір айыпталушы үйқамақта отыр. Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі – «Аса ірі мөлшердегі алаяқтық» бойынша сотқа түсті. Тергеудің анықтағаны істе 68 жәбірленуші бар.
Полиция мәлімдеуінше, блогер Instagram арқылы ас үй ыдыстарынан бастап зергерлік бұйымдарға дейін «құнды сыйлықтарға» ұтыс ойындарын өткізген. Сондай-ақ, «көп балалы отбасыға үй салу» сияқты қайырымдылыққа қаражат жинау туралы хабарландыру жариялаған.
«Мен "супер бағамен зергерлік бұйым" үшін ақша аудардым», — деді арыз берушілердің бірі. — «Бастапқыда ол жауап берді, содан кейін дөрекі сөйлеп, кейін мүлдем байланысқа шығуды тоқтатты. Алданғанымды түсінген кезде, полицияға шағымдандым. Мен сияқтылар өте көп».
Тағы бір әйел тұрмыстық техника алуға үміттеніп 500 000 теңгеден астам ақша жібергенін, бірақ ештеңе алмағанын айтады.
Сот залында есінен тану
Сот процесі эмоционалды реакция тудырды. Айыпталушы үйқамақтан сот залына жеткізілді. Сот отырысы кезінде оның жағдайы нашарлап – жедел жәрдем шақырылды, қысқа мерзімге есінен танып қалды.
Алайда, жәбірленушілердің бір бөлігі болған оқиғаның шынайылығына күмәнмен қарады: «Бұл тергеу изоляторынан құтылу үшін қойылған спектакльге ұқсайды. Бізді алдады, ал енді ол бізді емес, өзін аяп отыр», — деді процеске қатысушылардың бірі.
Үйқамақта болғанына қарамастан, арызданушылар блогерді тергеу изоляторына ауыстыруды талап етп отыр.
Айыпталушының туыстары шығынды ішінара өтей бастағаны белгілі, алайда зардап шеккендер шартты мерзімге немесе символдық айыппұл емес, нақты жаза күтетінін мәлімдеді. Олардың айтуынша, схема сенімге негізделген: адамдарға ұтыс ойындарына, жеңілдіктерге және қайырымдылық бастамаларына қатысу ұсынылған.
Сот процесі жалғасуда.
Айгүл МАНСҰРОВА
В Атырау +3