Атырау, 6 желтоқсан 10:57
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

"​Сақал қойған азаматтарға тіл тигізді": Сот блогерге айыппұл салды

442 рет қаралды

Атырауда сот сақал қойған ерлерді әйелмен салыстырып, олардың абыройын түсіріп, дөрекі сөздер айтқан блогер Жұлдыз Сағиденді айыппұл төлеуге міндеттеді. Оның видеосы желіде тарап, полицияның назарын аударған.

Атырау қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының хабарлауынша, құқық бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі – ұсақ бұзақылық бойынша іс қозғалды.

Аталған баптың санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды немесе 5-тен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуды көздейді.

«Кінәсін мойындағанын және өкінгенін ескере отырып, сот бұл жағдайларды жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп танып, айыппұл салу түріндегі жаза тағайындады», — деп хабарлады сот.

Бастапқы сома 20 АЕК (78 640 теңге) болған, алайда 30% жеңілдікті ескере отырып, соңғы сома 55 048 теңгені құрады.

Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін қоғам өілдері блогерді ҚР Қылмыстық кодексінің 131-бабы (қорлау) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап еткен болатын, алайда іс әкімшілік құқық бұзушылық ретінде бағаланды. Сонымен қатар, әлеуметтік желі қолданушылары блогердің көлік жүргізу кезіндегі мінез-құлқын тексеруді және оның автомектебіне бойкот жариялауды талап етті.

Айгүл Мансұрова

29 шілде, 14:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.