Атырау, 22 желтоқсан 18:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Мұнай саласында 6 мың жұмыс орны ашылады ​

402 рет қаралды
Сурет: "QazaqGaz" ҰК" АҚ

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында биыл отын-энергетика кешенінде 14 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған. 

Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек мәлімдеді.

Оның деректері бойынша, бүгінгі таңда отын-энергетика кешенінде 1671 кәсіпорын бар, онда түрлі кәсіп бойынша 303 мыңнан астам жұмыскер жұмыспен қамтылған. 

Мұнай-газ саласында (6 мыңнан астам орын), электр энергетикасында (3 мыңнан астам орын), жаңартылатын энергия көздерінде (шамамен 3 мың орын), сондай-ақ мұнай-газ химиясында (945 орын) жұмыс орындарының өсуі күтілуде. 

2029 жылдың соңына дейін 200-ден астам инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде 70 мыңға жуық жұмыс орнын кезең-кезеңімен құру көзделген.

29 шілде, 14:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.