
KAZENERGY қауымдастығы Көкжиде құмды алқабы аумағындағы геоэкологиялық және гидрогеологиялық зерттеулердің ағымдағы барысын талқылауға арналған кездесуге қатысты. Іс-шара Алматыда Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ алаңында өтті.
Кездесуге сондай-ақ «ҚазМұнайГаз», «Қазақойл Ақтөбе», «Урихтау Оперейтинг» және «ҚМГ Инжиниринг» өкілдері қатысты. Қатысушылар ҚР Су кодексімен қоса, нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу үшін ғылыми негіздеме дайындаудың негізгі аспектілерін талқылады. Талқылау тақырыптары экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, су ресурстарын ұтымды пайдалану және өңірдегі әлеуметтік тұрақтылықты сақтау болды.
ҚазҰТЗУ ректоры Мейрам Бегентаев, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Есқазиев және KAZENERGY қауымдастығының бас директоры Жандос Нұрмағанбетов алғы сөз сөйледі.
Кездесу шеңберінде «Көкжиде құмды алқабының аумағы шегінде геоэкологиялық және гидрогеологиялық зерттеулер жүргізу» жобасының аралық нәтижелері таныстырылды, сондай-ақ оны іске асырудың алдағы кезеңдері белгіленді. Қорытынды есепті ұсыну мерзімдеріне, экологиялық қауіпсіздік мәселелеріне, табиғи ресурстарды тиімді басқаруға және Көкжиде ауданында әлеуметтік тұрақтылықты қолдауға ерекше назар аударылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша 2025 жылдың қазан айында бейінді министрліктердің қатысуымен кеңейтілген кеңес өткізу ұсынылды.
В Атырау +4